Kyzylorda-news.kz. Ұлы Жеңіс күні мерекесінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңірдегі барлық соғыс ардагеріне жеке-жеке барып, Президент атынан құттықтап шықты.

Мерейлі сәтте аймақ басшысы Қызылорда қаласында тұратын соғыс ардагері Төлеген Жүнісовтің үйінде болды.

«Сіз сұрапыл соғыста Украинаны азат етуде жанқиярлық ерлік көрсетіп, майдан аяқталғаннан кейін Берлинде қалып, қала маңында патрульдік қызметті абыроймен атқардыңыз. Соғыстағы ерліктеріңіз бен бейбіт жылдардағы еңбектеріңіз, сондай-ақ ел Тәуелсіздігін нығайтуға қосқан үлесіңіз шын мәнінде елге – мұра, ұрпаққа – өнеге. Келер жылы ғасырлық тойыңызды тойлау бұйырсын. Өзіңізге және отбасыңызға амандық тілеймін», – деді Н.Нәлібаев.

Нұрлыбек Нәлібаев келер жылы ғасыр тойын жасайтын майдангерге күш-қуат тілеп, бұл құрмет бір күнмен шектеліп қалмайтынын жеткізді.

Тағы да оқыңыз: