Kyzylorda-news.kz. Айдын Қайруллаев өз отбасының атынан Ана мен бала орталығына екі кислородтық концентратор табыс етті.

Бүгін “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айдын Қайруллаев өз отбасының атынан Ана мен Бала орталығына 2 кислородтық концентратор сыйға тартты.

Елімізде індет таралғаннан бастап, Сыр өңірінің жомарт жандары мәселеден тысқары қалған емес. Олар өз көмектерін көрсетіп, «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» білді. Осы орайда филиал директоры Айдын Қайруллаев та игі істің үлгісін көрсетті.

Ол аталған орталықта індеттің таралуына байланысты кейбір медициналық құрылғылардың аздығын ескере отырып, Айдын Бөкенбайұлы отбасымен бірге өздерінің халқы үшін жанашыр екендерін көрсетіп, 2 “АРМЕД” кислородтық концентраторын табыс етті.

Тағы да оқыңыз: