Kyzylorda-news.kz. Жеңіс мерекесі күні облыс әкімі аппаратының басшысы Ерлан Райғаниев Ұлы Отан соғысының ардагері Колесник Любовь Сергеевнаның шаңырағында болып, Президент Қ.К.Тоқаевтың және облыс әкімі Г.Әбдіқалықованың мерекелік құттықтауын табыстады.

Любовь Сергеевна 1925 жылғы 4 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында әскери қызметшілер отбасында дүниеге келген.

ұбайы Николай Севастьянович Колесник те соғыс ардагері.

Жергілікті медициналық техникумда оқып, кәмелет жасқа толысымен 1944 жылы әскер қатарына шақырылған.

Соғыс кезінде Белорусь фронтының дала госпиталінде медбике қызметін атқарып, ержүрек батылдығымен көзге түскен. Соғыс аяқталған соң госпитальда жұмыс жасады.

1945 жылдың қыркүйегінде елге оралып, сол жылы Қызылорда қаласындағы локомотив депо медпунктіне фельдшер болып жұмысқа орналасты. Осы қызметтен зейнетке шыққан.

Любовь Сергеевна 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірді.

Тағы да оқыңыз: