«Әзірге есептеп жатырмыз»: Еңбек министрі әйелдердің зейнет жасын төмендету туралы айтты – Kyzylorda News
Басты бет

«Әзірге есептеп жатырмыз»: Еңбек министрі әйелдердің зейнет жасын төмендету туралы айтты

22.05.2022, 12:00

299 0

Kyzylorda-news.kz. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова әйелдердің зейнет жасын төмендету мәселесі қай деңгейде қаралып жатқаны туралы айтты. Қазір белсенділер мен министрлік өз ұсыныстарын енгізген, деп хабарлайды Stan.kz.

«Біздің ұсыныстар белсенділерге де ұнады, сондықтан жұмыс тобымен бірге есептеп жатырмыз. Әр әлеуметтік қолдауға қаржы керек екенін білесіздер. Біз үзіліс алып, есеп жүргізген тиімді нұсқаны таңдайтынымызды айттық. Нақтыланған соң ақпарат береміз», – деді Тамара Дүйсенова сенат кулуарында. 

Тамара Дүйсенова әйелдерден бөлек тағы қай азаматтар категориясының зейнет жасы төмендейтінін айтты. Жинағы жетсе, кез келген азамат 50 жастан кейін зейнетке шыға алады дейді. 

«Қазіргі заңда азаматтардың 50 жастан кейін де зейнетке шығу мүмкіндігі қарастырылған. Алайда зейнет жинағына қатысты сұрақтар бар. Біз бұларды қарастырып жатырмыз», – деп нақтылады министр.