Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда жаңа жылдан бастап армян және қырғыз нөмірлерімен жүрген көліктерге қатысты жаңа ереже күшіне енді. Ережеге сәйкес, көлік иелері тіркеуден өтуі тиіс. Шетелден әкелінген көлікті Қазақстанда 10 жұмыс күні ішінде тіркеу керек.

Елімізде негізінен жол ережесін жиі бұзатындар осы автокөлік тізгіндеушілері екен. Автоматты режимде жол ережені бұзушы анықталғанымен, көлік иесі кім екендігі табылмай жататыны жасырын емес. Сол себептен тұрғындардың қауіпсіздігі үшін кез келген заң бұзушылықтың алдын алуымыз керек.

Басқа мемлекеттердің аумағында автокөлік сатып алған азаматтар оны тіркеп, кедендік реттеуден өткізуі жол қозғалысы саласындағы заңнаманың бұзылмауына септігін тигізетіні анық. Жергілікті жердің жолымен жүгенсіз жүріп, жол-көлік оқиғаларын жиілетіп, ел-жұрттың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп, әрі қоршаған ортаға зиян келтіретін, салықтан бой тасалайтын мұндай көлік егелері де белгілі бір заңдылыққа, тәртіпке бағынуы тиіс.

Әскер ЕРМАҒАНБЕТОВ,

Қызылорда қаласының тұрғыны

Тағы да оқыңыз: