Kyzylorda-news.kz. 18 жасқа толғанша әр баланың есепшотында 3 мың доллардан астам қаражат жиналады. Бұл туралы Президент баспасөз хатшысы Facebook парақшасында жазды.

«Балалар жылы аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама іске қосылады. 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ы балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады. Жинақталған қаржы олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады. Үкімет пен Ұлттық банктің есебі бойынша елімізде жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келеді. Әр бала 18 жасқа толғанша олардың есепшотында кемі 3 мың АҚШ долларына тең қаражат жиналады»,-деді Руслан Желдібай.

Тағы да оқыңыз: