Әр ай сайын байырғы халықтардың екі тілі жойылады – БҰҰ – Kyzylorda News
Басты бет

Әр ай сайын байырғы халықтардың екі тілі жойылады – БҰҰ

19.12.2019, 18:20

495 0

Kyzylorda-news.kz. Халықаралық қауымдастық қанша күш салғанымен, әр айда байырғы халық өкілдері сөйлейтін екі тіл жойылып жатыр. Олармен бірге білім, салт пен дәстүр қоса кетеді. Бұл туралы БҰҰ Бас ассамблеясы 74-сессиясының Төрағасы Тиджани Мұхаммед-Банде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2019 жыл БҰҰ ұйғарымымен Халықаралық байырғы тілдер жылы болып жарияланған. Бас ассамблея кеше осы жылдың қорытындысын жасады. Әлемде байырғы халықтардың 4 мыңға жуық тілі бар. Кейбірінде бірнеше адам ғана сөйлейді. Тиджане Мұхаммед-Банде алдағы онжылдықта көптеген тілдердің жойылып кетуі мүмкін екенін айтты.

«Әр екі аптада кем дегенде бір байырғы ұлттың тілі жоғалады. Айына – екі өлі тіл», – деді Тиджани Мұхаммед-Банде.

Төрағаның айтуынша, қазіргі күні байырғы халықтардың төрт мыңдай тілі ғана сақталған, оларда әлем халқының 6%-ы ғана сөйлейді.

Мұхаммед-Банде барлық халықаралық ұйымдарды тілді сақтау шараларын күшейтуге шақырды.

0

Пікір қалдыру