Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында қозғаған мәселенің бірі – цифрландыру. Әлемнің көптеген елі бұл жүйені қолданысқа енгізген. Олардың тәжірибесі цифрлық жүйенің тиімді екенін дәлелдеді. Енді біздің мақсат – жаһанданудың маңызды тармағы саналған цифрлануды өмірлік қажетке жарату.

Пандемия кезінде көптеген мекеме өз қызметкерлерін қашықтан, онлайн режимде жұмыс істеуге жіберуге мәжбүр болды. Десе де статистикалық зерттеулер жұмыскердің қашықтан қызмет етуі жұмыстың нәтижесіне кері әсер етпейтінін дәлелдеген. Сондай-ақ, халық өзіне керек құжаттарды алу үшін ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр болатынын да Президент атап өтті.

Енді алдағы уақытта дамушы елдердің қатарына кіру үшін цифрландыруға көшуге мәжбүрміз. Себебі бұл жүйе уақыт үнемдеуге, ғаламторды тиімді пайдалануға көмектеседі. Қасым-Жомарт Кемелұлы мекен-жайы туралы ақпарат, мүліктік анықтамалар бойынша оң нәтиже барын, сол үшін де мемлекеттік органдарға жекелеген көлік құралын тіркеуге және жүргізуші куәлігін, дипломды электронды түрде қабылдауды тапсырды. Бұл шешімнің маңызды екені сөзсіз және бұл тапсырма бойынша жұмыстар атқарылып жатқанына да сенім мол.

Онлайн жүйені қай жағынан алып қараса да оңай болып тұр. Сол себептен ақпарат пен анықтаманы электронды түрде алу қарапайым халыққа тиімді. Заман талабына сіңісіп, цифрлық жүйемізді дамыту әлемнің алпауыт елдерімен теңдесуге алып келер төте жолдың бірі болмақ.

Әмір САҒАТОВ,
“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Қармақшы аудандық бөлімінің басшысы

Тағы да оқыңыз: