Kyzylorda-news.kz. Қызылорда гарнизонындағы Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында жеке құраммен жиын өтті.

Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің мәжіліс залында Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі аға офицері, әділет майоры Әлімжан Ерімбетов пен Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Алмат Жақыпов әскери қызметшілер мен азаматтық қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, әскери құқықтық біліктілікті арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  

2020 жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, осы салада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, шара кезінде жеке құрамға жемқорлыққа қарсы арнайы түсірілген әсерлі бейнероликтер көрсетілді. Азаматтардың Қарулы Күштерге деген сенімін арттыру, сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатындағы «Қарулы Күштері – Адалдық Алаңы» жобасы аясында әрбір қызметші аянбай еңбек ету керегі сөз болды.

 «Қарулы Күштеріміздегі заңдылықтарды ескере отырып, ешқашан жемқорлыққа жол берілмеуі керек. Әрбір атқарылған жұмыстар қатаң бақылауда. Елімізді қорғау саласында игі, адал істер атқарсақ еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға өз үлесімізді қосқанымыз болады», – дейді Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі аға офицері, әділет майоры Әлімжан Ерімбетов.

Жиын соңында Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Алмат Жақыпов мекеме жеке құрамын заң аясында бірлесе қызмет атқаруға шақырды.

Мемлекетіміздің өркендеуіне теріс әсерін тигізетін жемқорлықты болдырмау мақсатында аталған мекемеде ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.

Тағы да оқыңыз: