Kyzylorda-news.kz. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы мен Қызылорда облысы әкімдігінің арасындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестікті дамыту саласындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Бүгін «Самұрық – Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов және облыс әкімінің орынбасары Балжан Шаменова кездесіп, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестікті дамыту саласындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Негізінен меморандум әлеуметтік-еңбек саласын одан әрі тиімді дамытуға және әлеуметтік бастамаларды іске асыруға ықпал ететін тараптардың күш-жігерін біріктіруді көздейді. Бұған қоса қор өз тарапынан әкімдікке, жұмыс берушілердің бірлестіктеріне және өңірдің ірі өндірістік компанияларының өкілдеріне, сондай-ақ кәсіподақтарға «әлеуметтік тұрақтылық индексін» айқындау жөніндегі тәжірибені таратуға жәрдем көрсетуге және «кәсіподақ белсенділерінің корпоративтік мектебі» жобасы аясында ұйым көшбасшылары мен келісім комиссияларының өкілдерін оқытуға міндеттеме қабылдады.

Меморандумға қол қою шарасына облыстық әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссия мүшелері қатысып пікір алмасты.

Кездесуден кейін Қор өкілдері «ҚазГерМұнай», «Қазпошта» компаниялармен кездесіп, ұжымдардағы еңбек ахуалы талқыланды.

Тағы да оқыңыз: