Kyzylorda-news.kz. “AMANAT” партиясы облыстық филиалы жанынан құрылған партиялық мониторинг және бақылау тобының мүшелері бүгін қаладағы бірқатар сауда орындарындағы азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жасады.

Бағамдау жұмыстарына өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Ғалым Әміреев те қатысты.

Шара барысында тұрғындар көп тұтынатын азық-түлік өнімдері бағаларын шекті бағадан қымбаттатпау қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, баға негізсіз көтерілген жағдайда жергілікті атқарушы ограндар тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілетіндігі ескертілді.
Мониторинг барысында Ғалым Әміреев әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақтандыру бағытында ұсыныстарын айтты.

Соңғы төрт айдың ішінде азық түлік бағысына байланысты көптеген әңгіме болды. Соның ішінде қант бағасының күрт қымбаттауы халықты алаңдатты. Бүгін біз Байқоңыр әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен жыл аяғына дейін бағаны тұрақты ұстау мәселелсіне келістік. Әрине, жыл бойы бағаны тұрақты ұстауға тұрақтандыру қорындағы қаржы жетпейді. Сондықтан алдағы уақытта мұндай жағдайлар қайталанбас үшін баға өспей тұрып, қай азық-түлік бағасы көтерілуі мүмкін алдын ала мониторинг жасап отыру жөнінде ұсыныс айттық.

Мониторингтік топ сондай-ақ оқушылардың мектеп формалары, оқу құралдары мен кеңсе заттарының бағасын да бағамдап, кәсіпкерлерге көпшілікке қол жетімді етуді айтты.

Сонымен қатар мониторинг жүргізу барысында кәсіпкерлер тарапынан бағаны тұрақтандыру бағытындағы ұсыныс-пікірлері тыңдалып, назарға алынды.

Атап өту керек, қазіргі таңда әлеуметтік дүкен сөрелерінде әлеуметтік маңызы бар азық- түлік өнімдеріне тапшылық жоқ. Қант бағасы 444 тг көлемінде сатылуда.

Тағы да оқыңыз: