Kyzylorda-news.kz. «ADAL» партиясына жаңадан 300 000 адам қосылды. Бұл – үгіт-насихат жұмыстары ойдағыдай жүргізіліп жатқандығының басты көрсеткіштерінің бірі.

20 күн ішінде (10-30 желтоқсан аралығында) елдің барлық аймақтарында партия мүшелері халықпен 4216 кездесулер өткізді, оған 95 мың адам қатысты.

«Біз азаматтардың партияның алға қойған міндеттерін түсінгендігін аңғардық. Өйткені бағдарламамыз аймақтар тұрғындарының нақты ұзақ мерзімді проблемаларына негізделген. Депутаттыққа кандидаттардың әр кездесуінен кейін ондаған адам партия қатарына кіруге ниет білдіруде. Бұл – азаматтардың бізге сенім білдіргендігі, «АДАЛ» партиясының сайлауалды бағдарламасын қолдағандығы», – дейді партия Саяси кеңесінің мүшесі Эльдар Жұмағазиев.

Соңғы уақытта жаңа партия мүшелерінің саны күрт өсті. Науқан басталғанға дейін партия мүшелерінің саны 53 мың адамды құрады. Бүгінде олардың саны 6 есеге өсті.

Партия “естуші мемлекет” қағидатын ұстанады, сондықтан бірінші кезекте тұрғындардың проблемалық мәселелеріне назар аударады. Мұндай мәселелердің ауқымы өте кең-тұрақты ауыз судың жетіспеушілігінен бастап, жұмыссыздық пен жолдардың нашар жағдайына дейін.

Проблемалық мәселелер кездесулер кезінде ғана айтылып қоймайды, сонымен қатар азаматтар adalpartiyasy.kz сайтында да қаралады. Оған күн сайын бірнеше ондаған, аптасына 350-ге дейін өтініш түседі, сайтқа барлығы 2201 сұрақ келіп түскен. Олардың көпшілігіне жауап берілді.

Тағы да оқыңыз: