«Adal» партиясы атынан ауылдық округ әкімдігіне үміткер тұрғындармен кездесті – Kyzylorda News
Басты бет

«Adal» партиясы атынан ауылдық округ әкімдігіне үміткер тұрғындармен кездесті

21.07.2021, 17:20

422 0

Kyzylorda-news.kz. Елімізде тұңғыш рет өкілеттік мерзімі аяқталатын ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауы ұйымдастырылуда, яғни тұрғындар ендігі жерде ауыл әкімдерін өздері таңдайтын болады.

«Adal» партиясы атынан Арал ауданы Құланды ауылдық округінің әкімдігіне үміткер Заманбек Ердіқалықов ауылға барып, тұрғындармен кездесіп қайтты.

Құланды Арал ауданы орталығынан шалғай, 250 шақырым қашықтықта орналасқан ауыл. 1938 жылы жылы құрылған ауылдық округте бүгінде 500-ге жуық тұрғын тұрады.

Ауылда мектеп те, кітапхана да, фельдшерлік бекет те кітапхана да бар. 20-дан астам шағын кәсіпкер, сондай-ақ шаруа қожалықтары өз жұмыстарын жүргізуде.

Заманбек ауылда тұрғындармен кездесіп, «Adal» партиясы атынан ауылдық округ әкімдігіне сайлауға түсіп, бақ сынап жатқандығын ағайынға жеткізіп жатыр. Үй-үйді аралап, бағдарламасымен таныстыруда.

Ауылдағы ең негізгі мәселе – ауыз су. Орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілмеген. Бұл мәселемен Заманбек Ердіқалықов та ауылға келмес бұрын да таныс екен.

«Ақбасты елді мекенін «Арал-Сарбұлақ» топтық су құбырына қосу үшін арнайы жоба әзірленген. Жоба құны шамамен 3 млрд.теңге. Жұмыс көлемі мен қаржының ауқымдылығына байланысты құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін Су ресурстары комитетінің теңгеріліміне берілген. Қазір бұл бағытта бюджеттен 50 млн.теңге қаржы бөлінді», – дейді ауылдық округ әкіміне үміткер Заманбек Ердіқалықов.

0

Пікір қалдыру