9 қаңтарға арналған ауа райы болжамы – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

9 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

09.01.2021, 9:00

207 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан территориясының басым бөлігіне әлі де Солтүстік антициклон жотасы ықпал етеді және басым бөлігінде қар, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайдыҚазгидромет.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында және күндіз солтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады.

Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, жаяу бұрқасын, батысында – көктайғақ, шаңды дауыл күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақтобе, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Түнде Алматы облысының кей жерлерінде қатты аяз сақталады.

0

Пікір қалдыру