Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар деген  күдікпен 22 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді.   

22 жастағы жұмыссыз қызылордалық  қала аумағында орналасқан 7 үйді тонаған. Ол үй  иелерінің жұмыста болғанын  пайдаланып, қымбат үлгідегі телефондарын, велосипед, алтын бұйымдарды, тұрмыстық техникаларды және үй иелеріне тиесілі ақшаларды қолды еткен. Ақыры  ақшаны  жұмсап, ұрлаған дүниелерді сатып, алтындарды ломбардқа өткізген.  

  Пәтер ұрысы кінәсін  толық мойындады.  Оның айтуынша,  ұрлыққа түспес бұрын толықтай пәтерлерге барлау жұмыстарын жүргізген. Әр үйге әр түрлі жолдармен кірген.  Біреуіне пластик терезені күштеп ашса, біреуіне ашық тұрған пәтер, үй есіктеріне жасырын түрде  кірген.

«Бұл дерек  бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы (Ұрлық, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.  Мұндай әдіспен жасалған ұрлық үшін күдікті 3-7  жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – делінген полиция департаментінің таратқан хабарламасында. 

Полиция қызметкерлері  күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын  тексеруде. Бұдан бөлек, күдіктінің сыбайластары бар-жоғы анықталып жатыр.

Тағы да оқыңыз: