7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

22.05.2020, 16:50

110 0

Kyzylorda-news.kz. 23 мамырда еліміздің 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде желдің күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Қостанай облысыныңкей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Оңтүстіктен жел соғып, жылдамдығы 18 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысыныңкей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік, солтүстік-батыстан соғады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай, күндіз шаңды дауыл соғады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Күндіз Ақтөбе облысындаоңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысыныңбатысында найзағай күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-100 %.

0

Пікір қалдыру