1994 жылы Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Парламенттік сайлауы өтті. 176 депутаттың 42-сі президент тізімі бойынша, 75-і қоғамдық бірлестіктерден, сондай-ақ 59-ы өзін-өзі ұсыну арқылы сайланды. 1994 жылғы сәуірде жаңа парламент жұмысын бастады.

2003 жылы Минскіде Жоғары деңгейдегі топ құру туралы хаттамаға қол қойылды. Мұндай шешім Беларусь, Қазақстан, Ресей Федерациясы және Украина президенттерінің 2003 жылғы 23 ақпандағы шешімі бойынша қабылданды.

2014 жылы Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев «Реабилитациялау және банкроттық рәсімдерін жүргізген кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған «Реабилитациялау және банкроттық туралы» заңға қол қойды.

2018 жылы қазақстандық режиссер Серік Апрымовтың «Әкеге қоңырау» фильмі «Ника-2018» сыйлығының номинанты ретінде ұсынылды.

Тағы да оқыңыз: