7 ақпан: Атаулы күндер мен оқиғалар – Kyzylorda News
Басты бет

7 ақпан: Атаулы күндер мен оқиғалар

07.02.2020, 8:30

451 0

1964 жылы Қазақ академиялық драма театрының саханасында Шыңғыс Айтматовтың «Ана – Жер-Ана» спектаклінің премьерасы өтті.

1977 жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан Союз-24 ғарыш кемесі ұшырылды.

1991 жылы Қазақстанда әйелдерге арналған «Ақ босаға» атты тұңғыш газет жарық көрді.

2008 жылы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде Қаржылық заң бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық құрылды.


2011 жылы Алматы қаласындағы Қабылдау үйінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан құрамасының толықтай жеңісімен аяқталған 7-Қысқы Азия ойындарының жүлдегерлерімен кездесті.

2013 жылы ақын, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері Сырбай Мәуленовтің 90 жылдығы аталып өтті.

2014 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сочиге XXII қысқы олимпиада ойындарына қатысу үшін келді.

0

Пікір қалдыру