5 тамызға арналған ауа райы болжамы – Kyzylorda News
Басты бет

5 тамызға арналған ауа райы болжамы

05.08.2022, 9:00

425 0

Kyzylorda-news.kz. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, орталықта және оңтүстіктің таулы аймақтарында – қатты жаңбыр жауады, ол күн күркіреп, екпінді желмен жүреді, тек Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің болжауы бойынша республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Оңтүстікте, шығыста, Қарағандының орталығында, күндіз Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Күндіз Атырау, Жетісу, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорданың басым бөлігінде, оңтүстікте, Түркістанның шығысында, Атыраудың оңтүстігінде, Абай облыстарында төтенше өрт қаупі күтіледі.