Дүниежүзілік рейнджер күні

Жыл сайын аталып өтіледі. Халықаралық рейнджер федерациясы (International Ranger Federation, IRF) бекіткен. Алғаш рет 2007 жылы IRF-тің 15 жылдығына орай аталып өтілді. Рейнджерлер – ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы – қорықтар, ұлттық парктер, жабайы табиғат резерваттары және басқа да нысандардағы жабайы аңдарды браконьерлерден қорғайтын адамдар.

1929 жылы белгілі ғалым-астроном Николай Степанович Черных сансыз жұлдыздардың арасынан белгісіз №2402 ғаламшарды ашып, оны ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың есімімен атады. Шағын ғаламшар Жерге әрбір 5 жылда жақын келеді.

1959 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Ақтау елді мекені жұмысшы кенті санатына енді. Оған Ақтау кенті деген атау берілді.

2005 жылы «Қазпошта» АҚ «Сәулет» сериясынан Бейбітшілік және келісім сарайы бейнеленген жаңа пошта маркасын айналымға енгізді. Марканың тиражы – 50 000 дана. Бейбітшілік және келісім сарайы Қазақстан халқының конфессияаралық келісімін нығайтады. Оның құрылысы туралы шешiм 2003 жылы Әлемдік дәстүрлі діндер съезінде қабылданған болатын. Ғимарат Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан.

Тағы да оқыңыз: