3 қаңтар: Атаулы күндер мен оқиғалар – Kyzylorda News
Басты бет

3 қаңтар: Атаулы күндер мен оқиғалар

03.01.2020, 8:30

785 0

Эстонияда Азаттық үшін соғыста қаза тапқандарды еске алу күні

1918 жылғы 28 қараша мен 1920 жылғы 3 қаңтар аралығында Кеңес үкіметіне қарсы еркіндік пен тәуелсіздік үшін эстон халқының соғысы. Бұл соғыстың біткен күні деп есептеледі, алайда соғысқа соңғы нүкте қойылған Юрьев бейбітшілік келісімі 1920 жылдың 2 ақпаны күні, бір ай өткесін қабылданды.

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында елшілер деңгейінде дипломатиялық қарым-қатынас орнату жөнінде бірлескен мазмұндамаға қол қойылды.

1996 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік автоинспекциясы атауы Жол полициясы болып өзгертілді.

1996 жылы Солтүстік Америкада Motorola StarTAC ұялы телефоны сатылымға түсті. Ол ашылып-жабылатын алғашқы телефон еді. Осы телефон үлгісінің шыққан уақытында шамамен 60 миллион данасы сатылды.

2006 жылы Әзербайжанда жаңа ақшалар айналымға енгізілді. Олар – әрқайсысы 5 мың ескі ақшаға тең деноминацияланған (ірілендірілген) манаттар. Ақшаны ірілендіру туралы шешім 2005 жылдың ақпан айында қабылданған еді.