Дүниежүзілік велосипед күні

2018 жылы 12 мамырда БҰҰ Бас ассамблеясы бұл күнді БҰҰ-ның әлемдік және халықаралық күндерінің тізіміне қосты. БҰҰ Бас Ассамблеясы Дүниежүзілік велосипед күнін экологияның бұзылуының алдын алып, адамдарды дене шынықтыруға баулу үшін, денсаулыққа пайдалы велосипед тебуді насихаттау үшін енгізген.

1994 жылы ТМД-ға қатысушы елдерге «Мемлекеттердің Еуразиялық одағын құру туралы» жобасы жіберілді. Еуразиялық Одақ идеясы – ең алдымен аумақтық тұтастығын, саяси егемендігін және мемлекеттердің басқа да тұрақты сипаттамаларын сақтайтын тәуелсіз мемлекеттердің экономикалық одағының идеясы. Интеграцияның жаңа деңгейі бір сәтте жаңа мемлекеттердің шекаралары арқылы бөлініп қалған көптеген адамдардың күнделікті проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.

1995 жылы ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың (1845-1904) 150 жылдығына арналған мәдени күндер басталды.

1999 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ішіндегі Кіші Ақсарайға қазақ халқының хандары мен билерінің мүрделері қайта жерленді.

Тағы да оқыңыз: