Халықаралық әйелдер денсаулығы үшін іс-әрекет күні

1987 жылдан бері жыл сайын тойланады. Мақсаты – әлем елдерінің үкіметтеріне кез келген ұлттың болашағы үшін әйел денсаулығының маңызы зор екенін еске салу. Әзербайжанда Республика күні Ұлттық мереке 1918 жылы Әзербайжан Демократиялық Республикасы (ӘДР) тәуелсіз мемлекет деп жариялануына орай бекітілді. ӘДР тәуелсіздігін 1918 жылдың 28 мамырында Закавказье мұсылмандарының ұлттық уақытша кеңесі жариялады. Сол күні Тбилисидегі Кавказ губернаторының бұрынғы сарайының залында Тәуелсіздік туралы Декларацияға қол қойылды. Әзірбайжандағы Республика күні 1992 жылы бекітілді.

Арменияда Республика күні

Мереке 1918 жылы Закавказье Республикасының ыдырауынан кейін Армения Республикасының жариялануына байланысты бекітілді. Арменияның барлық аумағында демалыс күні. Аталған күннің екінші атауы – Егемендікті қалпына келтіру күні. 1918 жылдың 28 мамырында алты ғасырдан астам уақыт бойы шетелдік басқыншылардың қол астында болған Арменияның тәуелсіздігі қалпына келтірілді.

1993 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорығын құру туралы» Қаулысы шықты.

1998 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен LG Electronics бірлестігінің басшысы Джон Ку салтанатты жағдайда «LG Electronics Almaty Kazakhstan» зауытын ашты.

Тағы да оқыңыз: