1992 жылы Жамбыл облысы Шу ауданының Балуан Шолақ атындағы ауылында балуан, ақын, композитор Балуан Шолаққа ескерткіш орнатылды.

1995 жылы баспасөзде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде РФ азаматтарының келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеруі және олардың мәртебесі туралы келісімді, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің төлем одағын құру туралы келісімді, Экономикалық одақтың Халықаралық экономикалық комитетін құру туралы келісімді ратификациялау туралы Жарлығы жарияланды.

2012 жылы Каннда 65-ші мерейтойлық кинофестиваль өз мәресіне жетті. Осы мәртебелі халықаралық байқау аясында көрермен қошеметіне ие болған қазақстандық «Жаужүрек мың бала» фильмінің әлемдік прокатқа шығаратын агенті белгілі болды. Шетелдік сарапшылар «осындай сапалы өнер туындысын түсірген қазақстандық кинематографтардың бұдан да жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіншіліктері жеткілікті» деген баға берді.

Тағы да оқыңыз: