1905 жылы Қоянды жәрмеңкесіне жиналғандар патшаның отаршылдық зорлығына қарсы петиция қабылдады. Ресей Министрлер кеңесі төрағасына жолданған бұл петицияда қазақ жеріне орыс шаруаларының қоныс аударуын тоқтату, қазақтар үшін жеке басқаруды ұйымдастыру, цензураны жою, қазақ тілінде іс жүргізуді ресми енгізу, Мемлекеттік думаны шақыру жобаларын әзірлеу жөніндегі кеңес жұмысына қазақ делегаттарын қатыстыру сияқты талаптарын қойды.

1957 жылы Қазақ ССР ҒА Физикалық-техникалық институтының негізінде Ядролық физика институты құрылды. Институтты ұйымдастырушылар – Қазақ ССР ҒА-ның президенті, академик Қаныш Сәтбаев және ССР ҒА-ның академигі Игорь Курчатов болды.

2007 жылы Қазақстанда «Халық батыры» республикалық сыйлығы бекітілді.

Ол сыйлық қоғамға, Қазақстан халқына қызмет еткен жоғары жетістігі үшін беріледі және ол мемлекеттік немесе саяси сыйлыққа жатпайды. Қазақстанның әлеуметтік және қоғам өміріне араласып, өзінің үлесін қосқан әрбір азамат, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар оның иегері бола алады. Ал саясаткерлер, саяси партиялар мен қозғалыстар оның иегері бола алмайды.

2013 жылы Серік Сәпиев спорт саласындағы зор жетістіктері үшін «Спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы» құрметті атағын алды. Сапиев бұл атақ берілген әлемдегі 13-ші спортшы атанды.

«Спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы» – бұл жас ұрпақ үшін дене тәрбиесі мен спортты насихаттай отырып, ЮНЕСКО идеясын күллі әлемге таратуға ықпал ететін әлемдік дейгейдегі көрнекті спортшыларға берілетін атақ.

Тағы да оқыңыз: