Kyzylorda-news.kz. Халықаралық кәсіби мереке осы күні 1912 жылы Халықаралық фармацевтика федерациясының құрылуына орайластырылды. Бүгінде оған бүкіл әлем бойынша 3 миллионнан астам мамандарды біріктіретін 137 бейінді ұйым кіреді.

Фармацияның негізгі міндеті-пациенттерді қауіпсіз және қолжетімді дәрілік препараттармен қамтамасыз ету. 2020 жылдан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің толық күшіне енуімен балалар мен ересектерге арналған МӘМС шеңберінде дәрілік заттардың тізбесі 225 позицияға кеңейтілді.
Ересектерге арналған МӘМС пакетіне аурулардың 41 тобын емдеуге арналған дәрілердің 120 позициясы немесе 300-ге жуық диагноз енгізілген.

Сондай – ақ, МӘМС енгізілуімен жас шектеулері кеңейтілді – енді тегін препараттар балаларға және 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға қолжетімді. Балалар ауруларының тізіміне 64 аурылар тобы қосылды, оған 700 – ден астам диагноздар кіреды – дәрілік заттардың 218 позициясы және аурулардың 64 тобы бойынша медициналық бұйымдардың 20 позициясы кіреді. Ересектер үшін аурулардың 41 тобы және 120 дәрі – дәрмек позициясы қосылды.
МӘМС аясында инфекциялық, протозойлық, паразиттік аурулар, гельминтоздар, саңырауқұлақ инфекциялары, ас қорыту, қан, ағзалар аурулары және иммундық механизмді тартатын жекелеген бұзылулар кезінде, жүйке жүйесі, көру, есту және тыныс алу органдары, тері және тері асты жасұнығы, несеп-жыныс жүйесі органдары, сүйек-бұлшықет жүйесі және дәнекер тін аурулары кезінде, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары аурулары кезінде пациенттер тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі. Барлығы ересектерге арналған 161, балаларға арналған 192 дәрі.
Созылмалы аурулар кезінде дәрі-дәрмектерді тегін алу үшін пациент медициналық мекемеде есепте тұруы керек. Жедел аурулар кезінде есепте тұрмайтын пациенттерге тегін препарат берілуі мүмкін.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі

Тағы да оқыңыз: