23 қазанға арналған ауа райы болжамы – Kyzylorda News
Басты бет

23 қазанға арналған ауа райы болжамы

23.10.2021, 9:00

217 0

Kyzylorda-news.kz. Республиканың басым бөлігі фронталды аймақта болуына байланысты, құбылмалы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жауын-шашын, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіліп, тек оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлер жоғары қысым ықпалында болғандықтан, жауын-шашын болмайды.

Ақмола облысында желдің күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, кейде уақытта 30 м/с жоғары болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м /с, түнде солтүстікте, батыста – көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Қостанай, Павлодар облыстарында жел 15-23 м/с күшеюі күтіледі, Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында желдің 15-23 м/с күшеюі, түнде батыста, күндіз солтүстікте, шығыста – көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Шығыс Қазақстан облысының батыс бөлігі мен таулы аудандарында жел 15-23 м/с күшейіп, облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ болады.

Алматы облысының таулы аудандары мен Алакөл көлдерінің маңында желдің 15-20 м/с күшеюі, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында – тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының шығысында, түнде Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, күндіз Батыс Қазақстан облысының шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Түнде және таңертең Атырау облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, көктайғақ болжанады.

0

Пікір қалдыру