Kyzylorda-news.kz. Ұлттық банк 200 теңгелік банкноттарға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды.

Қолма-қол ақша айналымы департаменті басқармасының бастығы Динара Дәуітованың айтуынша, соңғы кезде ұлттық банкіне 200 теңгелік банкноттарға қатысты шағымдар жиі түсе бастады. Халық кәсіпкерлердің ол ақшаны қабылдай жатқанын айтады.

“200 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып саналады. Олар 200 теңгелік монеталармен қатар айналымда қатар жүре береді. Ол банкноттарды төлемдердің, банктік операциялар мен аударымдардың барлық түрі бойынша қабылдауға міндетті”, – дейді Дәуітова.

Осы орайда басқарма басшысы барлық банкнотт банктер мен “Қазпошта” АҚ-ның барлық бөлімшелерінде, сондай-ақ, ұлттық банктің филиалдарында ұсақтауға және айырбастауға болатынын жеткізді.

“Бұл банкноттар тозығы жеткенде ғана айналымнан алынады. Оны қабылдаудан бас тарту әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 206-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Егер сізден номиналы 200 теңгелік купюралар қабылданбаса, онда жақын маңдағы ұлттық банктің аумақтық филиалына хабарласу қажет”, – деп атап көрсетті Дәуітова.

Ұлттық банк бейнежазба жасауға да кеңес берді. Сосын банкнотты қабылдаудан бас тартқан адамнан жазбаша түсіктемені талап етуге болады. Ал банк филиалдарының мекенжайы мен байланыс телефондары ресми сайтта nationalbank.kz көрсетілген. 1477 нөмірі арқылы байланыс орталығына хабарласуға болады.

 Sputnik Қазақстан.

Тағы да оқыңыз: