Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда ауа райы күрт суытады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің хабарлауынша, жауын-шашынның қарға ұласуына және елдің солтүстік жартысында ауа температурасының төмендеуіне себеп болған Скандинавия түбегінің аудандарынан келген суық антициклон Қазақстан арқылы жылжуын жалғастырады.

Енді оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, сондай-ақ кей жерлерде 3 градусқа дейін аяз болады.

Тағы да оқыңыз: