2 тамызға арналған ауа райы болжамы – Kyzylorda News
Басты бет

2 тамызға арналған ауа райы болжамы

02.08.2021, 9:00

232 0

Kyzylorda-news.kz. Күннің қатты ысуына байланысты республиканың 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде ерекше өрт қауіпі туындайды.

Қызылорда облысында күндіз жел солтүстік-шығыстан соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады да, соңғы шаңды дауылға ұласады. Күндіз 42 градус аптап ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстанда 41 градус ыстық болады, төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерінде түнде және таңертең найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градусқа дейін аптап ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында 2-4 тамыз күндері күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. 2-4 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз 2-4 тамызда облыстың басым бөлігінде 40 градусқа дейін қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Таразда 2-4 тамызда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. 3-4 тамызда күндіз 38 градусқа дейін ыстық болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, 2 тамызда кей жерлерінде күші 15-20 м/с-ке жетеді. Кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жезқазғанда күндіз 36 градус қатты ыстық күтіледі.

Түркістан облысында күндіз 40 градус қатты ыстық болады. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерлерде күші 15-20 м/с-қа жетеді. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан қаласында таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертен кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с болады.

Петропавлда түнде және таңертен тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз кей жерлерінде 35 градус аптап ыстық болады.

Павлодар қаласында таңертең және күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 18 м/с болады.

Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

0

Пікір қалдыру