19 желтоқсан: Атаулы күндер мен оқиғалар – Kyzylorda News
Басты бет

19 желтоқсан: Атаулы күндер мен оқиғалар

19.12.2019, 8:30

389 0

Халықаралық кедейлерге көмектесу күні

Мұндай атаулы күнді бекіту идеясы БҰҰ мүшелерінің кезекті отырысында көтерілді. Ол конференцияда экономикалық дамуды реттеу мәселелері көтерілді.

1931 жылы Қарағандының еңбекпен-түзеу лагері ұйымдастырылып, орталығы Қарағанды қаласынан 45 шақырым жердегі Долинка селосында орналасты. Қарлагтың аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейін 300 шақырым, шығыстан батысқа дейін 200 шақырым жерді алып жатты. Аталмыш лагерді ұйымдастырудағы басты себептердің бірі – Орталық Қазақстанда жедел қарқынмен өсіп келе жатқан көмірлі-металлургиялық өндіріс орындары: Қарағанды көмір бассейні, Жезқазған және Балқаш мыс балқыту комбинаттары үшін ірі азық-түлік базасын құру болды. Осыған орай жергілікті тұрғындарды ықтиярсыз қоныс аудартып, бос қалған жерге көптеген тұтқындар колоннасын орналастырды. Бұл колонналар басқармасы тікелей Мәскеуге және НКВД-ға бағынды және оның өзінің билігі, қару-жарағы, көлігі, поштасы мен телеграф байланысы болды. Долинканың аймағы жан-жағынан темір торлармен қоршалып, оған кіру арнаулы рұқсат қағазы арқылы жүзеге асты. Лагердің іші тағы да екі аймаққа бөлініп, әрбір бұрышына күзет мұнарасы қойылды. Жалпы Қарлаг жұмыс істеген уақытта мұнда 1 миллионнан астам адам тұтқында болды. Лагерь 1959 жылы жабылды.

1991 жылы алғашқы пунктінде «КСРО одақтық-республикалық органы Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің республикамыздағы құқықтық мирасқоры болып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті деп танылсын» деп көрсетілген Министрлер Кабинетінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті туралы» Қаулысына қол қойылды. Бұл егеменді мемлекеттің қауіпсіздік органдары жүйесінің құрылуының алғашқы қадамы болды.

1996 жылы Қазақстан судьяларының бірінші съезі өтті. Съезде республиканың Судьялар одағы құрылды және судьялар этикасының кодексі қабылданды.

0

Пікір қалдыру