Kyzylorda-news.kz. 19 шілдеде республиканың басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындарының әсерінен күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады. Тек оңтүстікте және солтүстік шығыста және еліміздің батысында күн ашық, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қызылорда облысында таңертең және күндіз кей жерлерде шаңды дауыл мен жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, Жамбыл облысының басым бөлігінде, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Тағы да оқыңыз: