16 қараша: Атаулы күндер мен оқиғалар – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

16 қараша: Атаулы күндер мен оқиғалар

16.11.2019, 8:30

346 0

ЮНЕСКО құрылған күн

Осыдан 73 жыл бұрын 1945 жылы 16 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы құрылды. Дәл осы күні Лондонда өткен конференцияда оның Жарғысы қабылданып, оған 37 мемлекет қол қойды.

Төзімділіктің (толеранттықтың) халықаралық күні

1996 жылғы 12 желтоқсаннан бастап, БҰҰ Бас Ассамблеясының бастамасымен атап өтіледі.

1993 жылы Германиядағы Нюрнберг қаласы экономикалық даму және маркетинг гильдиясының Үлкен алтын медалі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа берілді.

2009 жылы Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында белгілі қазақ ақыны Әбділда Тәжібаевтың 100 жылдығына арналған пошта маркасының таныстырылымы өтті. Шараға ақынның туыстары, әріптестері ақын-жазушылар, Алматы қаласы әкімшілігінің қызметкерлері қатысып, естеліктерімен бөлісті

2009 жылы Беларусьта Қазақстан студенттерінің кеңесі құрылды.

Кеңестің негізгі мақсаты – Беларусьта шоғырланған қазақстандық студенттер қауымдастығын қалыптастыру.

2016 жылы «Қазпошта» Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне арналған маркалар шығарды. Пошта маркаларына 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен ХХХІ Олимпиада ойындарының алтын және күміс жүлдегерлері: олимпиада чемпиондары – Данияр Елеусінов, Дмитрий Баландин және Нижат Рахимовтың; күміс медаль иегерлері – Гүзел Манюрова, Жазира Жаппарқұл, Василий Левит, Елдос Сметов және Әділбек Ниязымбетовтің бейнесі түсірілді. Маркалар 40 мың данамен шығарылды. Номиналы – 200 теңге.

0

Пікір қалдыру