Литва мемлекеттілігінің қалпына келтірілген күні
Литва Республикасының Ұлттық мейрамы. Литва – Балтық теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан мемлекет. Астанасы – Вильнюс қаласы. Ресми тілі – литван тілі. Ақша бірлігі – лит. Мемлекет басшысы – Президент. Жоғарғы заң шығарушы органы бір палаталы парламент – Сейм. Атқарушы билікті Министрлер Кабинеті жүзеге асырады.
Литва индустриялы-аграрлы ел. Экономикасының жетекші салалары – машина жасау, металл, ағаш өңдеу, химия, тамақ, тоқыма өнеркәсіптері. Мал шаруашылығы мен балық аулау да жоғары дамыған. Экспортының негізін мұнай өнімдері, машина, құрал-жабдық, тамақ, тоқыма өнімдері құрайды. Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 15-інде орнатылды.
1993 жылы Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының дипломатиялық өкілдігі өз қызметін бастады.
2018 жылы Нұр-Сұлтанда Моңғолиядағы этникалық қазақтардың тарихы мен қазіргі өмірі туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті.
2018 жылы Алматыда Қазақстандағы БҰҰ қызметінің 25 жылдығына арналған ескерткіш тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті.