Бүгін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің туған күні.

Спортшы тірі болғанда 27 жасқа толар еді. Денис 1993 жылы Алматы қаласында өмірге келді. Ол – Корей империясы кезінде даңқты қолбасшы болған генерал Мин Гынхоның ұрпағы.

1998 жылы Германияда Қазақстанның мәдениеті күндері басталды.

2000 жылы Қызылорда облыстық мұрағаттар мен құжаттама бөлімі құрылды.

2001 жылы Алматыда I республикалық «Бөбек» шақырады» фестивалі өтті.

2009 жылы Дүниежүзілік банк пен ҚР Қаржы министрлігінің арасында «Батыс-Оңтүстік» автомобиль жолдарын дамыту жобасын іске асыру келісіміне қол қойылды.

2011 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының «Іскерлік қарым-қатынастар» жобасы аясында шағын және орта бизнес кәсіпкерлерін оқыту басталды.

2016 жылы QazaqGeo қазақ ұлттық географиялық қоғамы «Ұлытау – Арал» ғылыми-зерттеу экспедициясын ұйымдастырды.

2017 жылы қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «2017 MTV Global Chinese Music Awards» байқауының «Үздік шетелдік танымал әнші» аталымында жеңімпаз болды.

2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына барды.

Тағы да оқыңыз: