Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет 12 cәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Республиканың басым бөлігіне жоғарғы қысым аумағы ықпал етуіне байланысты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік, оңтүстік-батыста найзағай, шаңды дауыл болады, оңтүстікте бұршақ күтіледі.

Қызылорда облысында таңертең және күндіз найзағай күтіледі, жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді.

Тағы да оқыңыз: