10 қаңтар: Ел тарихында орын алған оқиғалар – Kyzylorda News
Басты бет

10 қаңтар: Ел тарихында орын алған оқиғалар

10.01.2020, 8:00

280 0

1934 жылы қазақ әдебиеті мен өнеріне арналған «Қазақ әдебиеті» апталық газеті шыға бастады. Алғашқы редакторы – Бейімбет Майлин. Газет 1940-1954 жылдары тоқтап, 1955 жылдың қаңтарынан қайта шыға бастады. «Қазақ әдебиеті» – ұлтымыздың рухани айнасы, еліміздің әдеби һәм мәдени өмірін жан-жақты қамтитын басылым.

1992 жылы Елбасының қатысуымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің мәжілісінде Республикалық гвардияны құру туралы шешім қабылданды.

1992 жылы Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Ішкі әскерлері туралы» Жарлығы шықты.

1997 жылы Бішкек қаласында Нұрсұлтан Назарбаев, Асқар Ақаев және Ислам Каримов Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттері арасындағы Мәңгілік достық туралы шартқа қол қойды.

1999 жылы Қазақстанда алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенттігіне балама сайлау өтіп, онда сайлаушылардың 79,78 % дауысын жинаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қайта сайланды.

2003 жылы Қызылорда облысында «Жолаушы-Шиелі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны құрылды.

0

Пікір қалдыру