Kyzylorda-news.kz. Көппәтерлі тұрғын үйлердегі ортақ меншікті күтіп ұстау қызметі (ПИК) бойынша есептеме жүргізуді және қызмет көрсетуді тоқтатады.

«2020 жылғы 7 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енуіне байланысты «Қызылорда су жүйесі» ШЖҚ МКК – ны 2022 жылғы шілде айының бірінші жұлдызынан бастап, ортақ меншікті күтіп ұстау қызметі бойынша есептеме жүргізуді және қызмет көрсетуді тоқтататынын мәлімдейді», – делінген «Қызылорда су жүйесі» мекемесінің таратқан хабарламасында.

Көппәтерлі үй тұрғындары басқару нысанының мүліктің меншік иелерінің бірлестігі (ММИБ) немесе жай серіктестік (ЖС) түрін таңдауы тиіс.

Тағы да оқыңыз: