Kyzylorda-news.kz. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін айтты, – деп хабарлайд ведомствоның баспасөз қызметі.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, 1 маусымдағы жағдай бойынша, қазақстандықтарға 1,2 триллион теңгеден аса сома зейнетақы төленген. 2022 жылғы мамырда республикалық бюджеттен зейнетақы төлеміне 235,4 миллиард теңге, оның ішінде базалық зейнетақыға 71,3 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыға 163,2 миллиард теңге жұмсалған.

«2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 246 мың. 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдайға сәйкес, зейнетақы төлемінің орташа мөлшері – (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 105 189 теңге», – делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыз: