Kyzylorda-news.kz. Бүгін – Қазақстан халқының бірлігі күні.

Атаулы мереке ел Президентінің Жарлығына сәйкес, 1996 жылдан бастап атап өтіледі.

Тәуелсіздік алғалы 130-дан астам ұлт өкілі ел аумағында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Қазақстан – Орталық Азия елдері арасында татулықтың үлгісі деуге болады. Себебі бірнеше ұлт өкілі салт-дәстүрі мен ұстанымына қарамастан ынтымақтастықта өмір сүріп жатыр.

Қазақстан 30 жылдан астам тәуелсіздік тарихында сандаған ұлттың ұйытқысына айналып отыр. Бүгінде еліміздің аумағында бірнеше ұлт өкілі өзара ынтымақтастық пен татуластықты ту етіп тіршілік етуде.

Тағы да оқыңыз: