1-3 ақпанға арналған ауа райы болжамы – Kyzylorda News
Басты бет

1-3 ақпанға арналған ауа райы болжамы

31.01.2020, 16:40

458 0

Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер ақпанның 1-3 аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазгидрометтің мәлімдеуінше, Қазақстанның кейбір аймағына қармен бірге жауын-шашын жауады екен. 

«Қаңтар айы боранмен және қармен күресуде байқаусыз тез өтіп, қыстың соңғы айы да келіп жетті. Қаңтар антициклонның түсуімен және онымен келген суытумен аяқталуда. Бірақ бүгін Каспийде циклон қалыптасып, ол атмосфералық фронттармен оңтүстік-батыс тропосфералық ағындармен бірге алдағы тәулікте Қазақстанға ығыса бастайды. Циклон үлкен ылғал және жылу қорына ие, онда түнгі температура плюс 2…8°С болды, ол республикадағы ауа температурасының күрт жоғарылауына алып келеді. Демалыс күндері оңтүстік және оңтүстік-шығыста күндіз плюс 3…13°С, ал дүйсенбіде солтүстік, орталық және шығыс облыстарында 0…минус 8°С күтіледі. Жылумен бірге атмосфералық фронттар жауын-шашын: оңтүстік пен батысқа жаңбыр, жылбысқы қар, ал қалған аймақтарға қардың жаууын алып келеді», – делінген хабарламада. 

0

Пікір қалдыру