Kyzylorda-news.kz. Жуырда Қазақстан Ұлттық Банкі «Дала қазынасы» сериясымен «Жеті қазына» монеталарын айналымға шығарады. Сонымен қатар, алтын мен күмістен жасалған коллекциялық монеталар шығарады. 100 теңгелік биколорлы айналыстағы монеталар 7 түрде дайындалған. Олар – «ER JIGIT», «SULÝ ÁIEL», «QUMAI TAZY», «AQYL BILIM», «BEREN MYLTYQ», «JÚIRIK AT» және «QYRAN BÚRKIT». Техникалық сипаттамасы жағынан олар басқа айналыстағы номиналы 100 теңгелік монеталармен бірдей. Әр түрінен 500 000 дана дайындалды, жалпы таралымы – 3,5 млн. дана.

“Коллекциялық және инвестициялық монеталар өз құны бойынша заңды төлем құралы болып табылады. Алайда олардың негізгі мақсаты- мәдени-ағартушылық және инвестициялық. Сонымен қатар, Қазақстан Ұлттық Банкі халық үшін тазартылған алтынның өлшемдік құймаларын сату және кері сатып алу бағдарламасын 2017 жылы іске қосты. Алтын құймалар бес түрде ұсынылған: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Барлығы 2017 жылдан бастап жалпы салмағы 1,25 т құрайтын 34 688 өлшеуіш құйма сатылды. Алтын құймаларын Halyk Bank-тен, Еуразиялық Банктен, Jýsan Bank-тен, Банк ЦентрКредиттен, банктік емес айырбастау пункттерінен сатып алуға және оларға кері сатуға болады”, – деді ҚР Ұлттық банкі» ММ Қызылорда облысы филиалы директоры Әсет Мұстафин.

Сондай-ақ, Ұлттық валютадағы депозиттер – 95,9 млрд. теңгені құрап, 11,9 пайызға өсті. Шетел валютасында – 16,6 пайызға өсіп 42,0 млрд. теңге болды. Бүгінде теңгедегі депозиттер үлесі 69,5% құрады.

Тағы да оқыңыз: