Kyzylorda-news.kz. Жалағаштық шаруалар биыл 36731 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылын екті. Оның 21 600 гектары күріш. Қазіргі таңда Сыр салысы толық орылып болды.

Аудан әкімі Асылбек Шаменовтің айтуынша жыл басынан бері ауданнан экспортқа 5067 тонна күріш шығарылған. Ресейге 1673 тонна, Қырғызстанға 680 тонна, Өзбекстанға 2306 тонна, Тәжікстанға 408 тонна. Аудандағы күріш саласындағы ірі кәсіпорынның бірі «Агро Холдинг Қызылорда» ЖШС.

Облыс бойынша 42 шаруашылық субъектілерімен 1 млрд. 28 млн. теңгеге немесе 14 692 тн. қара күрішке фьючерстік келісім-шарт жасалып отыр.

Тағы да оқыңыз: