Kyzylorda-news.kz. Өткен жылы әлемді жайлаған індет елдің экономикалық жағдайына да әсерін тигізбей қоймады. Соған қарамастан аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы қалыпты, мемлекеттік бағдарламалар тиімді іске асырылды. Жалағаш ауданында да нәтижелі бағдарламалар аясында қолға алынған әлеуметтік нысандар халық игілігіне берілді.

Былтыр Жалағаш ауданында балабақша ғимаратын емханаға бейімдеп, Ақсу ауылында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында дәрігерлік амбулатория, М.Шәменов атындағы ауылда 140 орындық мектеп және Жалағаш кентінде аурухана пайдалануға берілді. “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасы аясында Дәуімбай елді мекенінде 10 үш бөлмелі тұрғын үй салынды.

Далдабай және Жаңақоныс елді мекендерінде ауыз су жүйесін қайта жаңарту және пайдалануға беру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Аламесек және Мәдениет ауылдық округтерінде мал қорымының құрылысы толығымен аяқталды.

Тағы да оқыңыз: