*Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы өз Жолдауында ветеринария саласын жетілдіруді тапсырған болатын. Қазіргі таңда тиісті шаралар сараланып, ветеринариялық жұмыстар уақытылы жүргізілуде. Осының нәтижесінде облыс көлемінде эпизоотиялық ахуал тұрақты қалпын сақтап, мал басының өсімі артуда.*

“Аса қауіпті 16 түрлі жұқпалы және 6 түрлі энзоотиялық ауруларға қарсы алдын ала егу және диагностикалық жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Жолдауда айтылғандай мал басының амандығы және өнімділігі жауапты мамандардың тиімді жұмысына байланысты. Сондай-ақ заманауи технологиялар қолданылып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру басты міндеттердің бірі. Осыған сәйкес 2022 жылы облыстық бюджет есебінен нақты қаражат бөлініп, керекті құрал-жабдықтар қамтылатын болады. Қабылданатын шаралар мен шешілуі қажет мәселелер туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныстар берілді”, – деді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев.

Тағы да оқыңыз: