Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті.

Мәжіліс, шаһар басшысы қала әкімдігіндегі бірқатар кадрлық өзгерістермен таныстырып өтті.

Атап айтқанда, Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен Шамұратов Пакуатдин Сыражадинұлы қалалық құрылыс бөлімінің басшысы, қалалықсайлау комиссиясының қорытындысымен Ибраимов Ардақ Әбдіғаппарұлы Белкөл кентінің әкімі, қала әкімінің өкімімен Сәдуақас Нұрсұлтан Шәкизадаұлы қала әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы қызметін тағайындалды.

Қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы  Бағлан Аманкелдиевтің баяндамасына сәйкес қазіргі таңда, Қызылорда қаласында 2020 жылдың 1 тамызына 25 мың 681 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Оның ішінде нақты жұмыс жасап тұрғаны 21 526 нысанды құрауда. Бұл көрсеткіш өткен  жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100,5% пайызды құрайды. Тіркелген кәсіпкерлік субъектілер ішінде белсенді кәсіпкерлік нысандар саны 83,8% көрсетуде. Облыс көлемінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 46,6%-ы Қызылорда қаласының үлесінде. Шағын және орта бизнес субъектілері тарапынан 51,8 млрд. теңгенің өнімі шығарылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,7 пайызға өсті. Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерде 49 771 адам жұмыспен қамтылған.

Жыл басынан бері 1244 кәсіпкерлік субъекті тіркеліп, 1278 жаңа жұмыс орны ашылды. Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің ішінен айналымы 2 млн. теңгеден асатын субъектілер саны 2020 жылдың 1 тамызына 18975 бірлікке жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  11  пайызға өсіп отыр.

«Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында бүгінгі таңда жалпы 54 жоба қолдау алса, оның ішінде 33 жоба қаржыландырылды. Сондай-ақ, екінші деңгейлі банктермен жоба құны 5 млрд. 188 млн. теңгені құрайтын 55 жобаның құжаттары қаралуда, – деді бөлім басшысы.

«Қарапайым заттар экономикасын дамыту» бойынша басымдық берілген жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы жүзеге асырылған уақыттан бері қала бойынша жалпы құны 2 млрд. 549 млн. теңгені құрайтын 32 жоба қолдау алса, оның ішінде ағымдағы жылы жоба құны 411 млн.теңгені құрайтын 11 жоба қаржыландырылды. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 40 пайызға жоғарлаған.

Екінші деңгейлі банктермен қаржы ұйымдарында жоба құны
1 млрд. 400 млн.теңгені құрайтын 3 жобаның құжаттары қаралуда.

Бұдан бөлек, жоба құны 235 млн. теңгені құрайтын 5 жобаның құжаттары жинақталуда.

Аппараттық мәжілісте көтерілген екінші мәселе бойынша атқарылған жұмыстар туралы қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Индира Ақжігітова баяндама жасады.

Индира Сансызбайқызының баяндауынша ағымдағы жылдың 20-шы мамырдан бастап өңірімізде «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» жүзеге асырылуда.

Қызылорда қаласы бойынша аталған жол картасы шеңберінде 97 жоба жүзеге асырылып және оған 18 млрд. теңге бөлінген. Аталған жол картасы бойынша Қызылорда қаласында  4 373 жаңа жұмыс орнының құрылуы және оның 50%, яғни 2187-сіне жұмыспен қамту орталығы, ал қалғаны мердігер құрылыс компаниясы тарапынан жұмыссыз азаматтар тартылуы қажет. Бүгінгі күні 3981 жұмыссыз азаматтар еңбекпен қамтылып,   91 %-ға жоспар орындалды. Жалпы бұл көрсеткіш 2628 жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыссыз азаматтар еңбекке тартылып 120,3% орындалып отыр. Ал 100 мердігер құрылыс мекемелерімен 63,2% жұмыспен қамтамасыз етілген.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» жүзеге асырылу барысының техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бағыттары бойынша да біршама жұмыстар атқарылды.

Қоғамдық жұмыстар бойынша ағымдағы жылы 3685 адамға  қаңтардан бастап 299 мекемемен келісімшарт жасалып, 2317 адам жұмысқа тартылды. Бұл бағыт бойынша уақытша жұмыс жасап, олардың тұрақты жұмысқа орналасқандары – 45 (4%) құрап отыр.  

Әлеуметтік жұмыс орындарына 160 адамға республикалық және жергілікті бюджеттен 10 адамға, жалпы барлығы 170 адамға 84,2 млн. теңге жоспарланған. Жыл басынан бастап 105 мекемемен келісімшарт жасалып, 363 адам уақытша жолданды. Әлеуметтік жұмыс орындарынан тұрақты жұмысқа орналасқандары – 48 (36,4%).

Жастар практикасы бойынша республикалық бюджеттен 1 050 адамға және жергілікті бюджеттен 110 адамға бөлініп, барлығы 1160 адамға 461,1 млн. теңге бөлінген. Бағдарлама аясында уақытша жұмыспен қамтылғаны 1317 жас маман. Өңірдегі 595 мекемемен келісімшарт жасалды. Жастар практикасы бойынша тұрақты жұмысқа орналасқандары – 50 (21,5%).

Алдағы уақытта жоспарлы тапсырманың орындалуына қатысты шаралар толығынан қамтамасыз етілетін болады.

Мәжіліс соңында қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы жиында берілген тапсырмалардың орындалуын тиісті сала басшыларына тапсырды.

Тағы да оқыңыз: