Қызылордада 2020 жылы шыны зауыты іске қосылады – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада 2020 жылы шыны зауыты іске қосылады

12.12.2019, 10:20

612 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында қуаты жылына 197,1 мың тонна шыны өндіретін зауыт 2020 жылдың шілде айында іске қосылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Orda Glass Ltd» ЖШС-нің басқарма төрағасы Ержан Сағынбаев мәлімдеді.

«Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына 11 мердігер компаниядан 219 жұмысшы жұмылдырылды.Құрылыс заттарының басым бөлігі жергілікті жерден алынып жатыр. Жұмысшыларға да бар жағдай жасалған. Зауыт толық іске қосылғанда 160 адам жұмыспен қамтылады.Сонымен қатар, шыны зауытының құрылысына бас мердігер ретінде Чайн Триумф Интернешнл Инжиниринг қытайлық трансұлттық компаниясы тартылды.Үстіміздегі жылдың 4 желтоқсанында серіктестік өкілдерінің «StewartEngineers» вице-президенті Волтером Дениэлмен кездесуі өтті. Нәтижесінде, екі тарап ортақ шешімге келді»,- деді Ержан Сағынбаев.

Мұнан өзге, шыны зауытын газ және сумен жабдықтау, электр желілерін, автожол және байланыс орнату үшін жұмыстар жүргізілуде.

0

Пікір қалдыру