Қызылорда облысының әкімі «Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасарымен кездесті – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылорда облысының әкімі «Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасарымен кездесті

01.10.2020, 13:05

254 0

Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Дәурен Сартаевпен кездесті.

«Мемлекет басшысының Жолдауынан Үкімет пен әкімдер үшін туындайтын міндеттердің бірі – отандық және шетелдік инвестицияларды тарту болып табылатыны белгілі. Осыған байланысты, республика бойынша ЖӨӨ құрылымындағы инвестициялар үлесін 2024 жылға қарай 30% – ға дейін арттыру міндеті қойылды. Биыл бізге 230 млрд. теңге, келесі жылы 586 млрд. теңге инвестиция тарту қажет. Осы міндетті орындау мақсатында біз инвестицияның жаңа толқынын тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті белсенді дамыту міндеті тұр. Осыған байланысты сіздердің де қолдауларыңыз қажет», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Кездесуде бірқатар мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, бизнесті және стартап жобаларды қаржыландыру, кәсіпкерлердің өтінімдерін ұзақ мерзім қарау, жергілікті деңгейде бизнес үшін белгіленген кредит лимиттер және Мемлекет басшысының жеке тұлғалар мен ШОБ субъектілері үшін кредиттер бойынша мерзімін ұзартуды ұсыну жөніндегі тапсырмасын іске асыру мәселелері талқыланды.

Дәурен Сартаев өз кезегінде «Қазақстан Халық банкі» АҚ тарапынан өңірлік шағын және орта бизнесті қолдау бойынша барлық мүмкіндіктер қарастырылатынын атап өтті.

Айта кету керек, облыста 2023 жылға дейінгі Экономикалық даму жоспары қабылданды, онда экономиканың түрлі салаларында жалпы сомасы 271 млрд. теңгеге 265 жобаны іске асыру қарастырылған. Оның ішінде, ағымдағы жылы құны 26 млрд.теңге болатын 108 жобаны іске қосу жоспарланған. Қазіргі уақытта құны 4,7 млрд. теңге болатын 58 жоба пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, ШОБ субъектілерін қаржылай қолдау мақсатында «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның қызметі өңірдің барлық қаржы институттарын тарта отырып, жергілікті инвестициялық жобаларды іске асыруға толығымен қайта форматталды. Қоғам кәсіпкерлер үшін әріптес, инвестор бола алады. Екінші деңгейдегі банктер мен қаржы институттарының өкілдері үшін қоғам құны 17 млрд. теңге болатын 15 инвестициялық жобаны таныстырды, оның ішінде 7 млрд.теңге құрайтын 9 жоба қолдау тапты.

Сонымен қатар, ірі инвестициялық жобалардың жанында ілеспе өндірістерді құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

0

Пікір қалдыру