Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда облысында балық саласын дамытуға потенциал жоғары. Жергілікті сала өкілдері Балық шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында балық өсіру көлемін арттыруға дайын екендерін жеткізді.

Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің жұмыс сапары аясындағы жиында айтылды.

Балықшылардың сөзінше, Қызылорда облысында қуаттылығы 12,5 мың тонна болатын 9 балық өңдеу зауыты бар. Олардың өндірістік қуаты өңірдің балық саласын саласын дамытуға және өндіріс көлемін екі есе арттыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Үкіметтің Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасына сәйкес балық өсіру көлемін 270 мың тоннағадейін жеткізу жоспарлануда, оны 16 мың тоннасы Қызылорда облысына тиесілі болады.

«Балық шаруашылығына ерекше мән беру жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап өткен болатын Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес өткен жылы қазан айында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен және балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығымен бірлесе отырып, балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасын республика бойынша алғашқы болып бекіттік», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов аталған межеге қол жеткізу үшін облыс аумағында балық өсіруге қолайлы су айдындар бар екенін, бұнымен тауарлы балық өсіру көлемін көбейтуге болатынын атап өтті.

«Қызылорда облысының табиғи-климаттық факторларын, Арал теңізін көлемін, күріш егу алқаптарында балық өсіру мүмкіндігін ескере отырып, өңір жылына жиырма бес мың тонна балық өсіруге қабылетті. Сондықтан, жергілікті тұрғындарды балық өсірумен айналысуға шақырамыз. Ол үшін өңірде теңіз де, тәжірибе де бар. Саланы мемлекеттік қолдау түрлері көбеюде. Біріншіден, тауарлы балық шаруашылығымен айналысу мерзімдері қырық тоғыз жыл болып белгіленді. Бұл бизнеске сеніммен инвестиция салуға және ұзақ мерзімді жоспарлар құруға мүмкіндік береді. Ал кәсіпшілік балық аулау үшін бұрынғы мерзімдер қалып, бес жылдан қырық тоғыз жылға дейін беліленді. Сондықтан тауарлы балық шаруашылығымен айналысу – тиімді», – деді комитет төрағасы .

Қызылорда облысы аумағында Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені және жергілікті маңызы бар 207 көлдер бар. Балық қорын сақтау және оларды жасанды жолмен молайту мақсатында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Қамыстыбас балық питомнигінде жыл сайын 15 млн. дана балық шабақтары өсіріліп, балық шаруашылығы маңызы бар көлдерге және Кіші Арал теңізіне жіберілуде.

«Балық шаруашылығы бағдарламасын жүзеге асыруға 29 млрд.теңге қаржы тартылады. Осыған сәйкес 2030 жылға қарай, облыстың балық экспортын 2 есеге, тауарлы балық өндіру көлемін 111 есеге арттырып, 500-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылады деп жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде, облыста 16 шарбақтық балық өсіру шаруашылықтары, 12 тауарлы балық өсіретін тоған шаруашылықтары құрылып, 3 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғылары іске қосылатын болса, көл-тауарлы су айдындарының саны 55-ке жеткізіледі», – деді жиында Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Б. Шаменов.

Өңірде балық шаруашылығы саласында 6 млрд. теңгені құрайтын 9 инвестициялық жобаны іске асыру басталмақ. Осы жобалардың ішінде, жалпы құны 900 млн.теңгеге жылдық қуаттылығы 7 мың тоннаны құрайтын жаңадан 3 балық өңдеу зауыттары салынып, балықты терең өңдеу кешені кеңейтіледі. Өңірлік бағдарламаға сәйкес облыс бойынша өсірілетін 16 мың тонна балықтың 5950 тоннасы (37%) Қамыстыбас көлінің үлесіне тимек.
Аралдағы жиналыста жергілікті балық шаруашылығы саласы өкілдері жүзеге асырып жатқан жобалары туралы да баяндады. Мысалы, «Арал СДО» ЖШС алдағы уақытта балық өңдеу цехын кеңейтіп, тауарлы балық көлемін арттырмақ.

«Кіші Арал теңізінде 5 учаскенің табиғат пайдаланушысымын. 1854 тонна балық аулау лимиті бекітілген. 20 адамды тұрақты және 100 адамды маусымдық негізде жұмыспен қамтамасыз етіп отырмын. Сонымен қатар, Арал ауданындағы «Тауарлы балықты өсіру және өңдеу кешенін кеңейту» жобасын қолға алып, балықты өңдеу цехы кеңейтіп, көксерке балық шаруашылығы мен тоғандық шаруашылықты дамытуды жоспарлап отырмын»,- деді шаруашылық басшысы Ә.Аимбетов.

Ал жылына 2000 тонна балық өнімдерін шығаратын жеке кәсіпкер Игіліков биыл 5-6 млн шабақ өсіруді жоспарлап отыр.

«Өткен жылы, Түркістан облысының тауарлы балық өсіру жұмыстарымен танысып, тәжірибе алмасып қайттық. Балық өсірудегі Түркістан облысының оң тәжірибесіне қызығушылық танытып, өңірімізде енгізуге дайынбыз. Өңірімізде қабылданған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы, балық шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген біздерге көп көмегін тигізетініне сенеміз», – деді Т.Игіліков.

Тағы да оқыңыз: