Қазақстан премьері мен «Роскосмос» басшысы «Бәйтерек» зымыран кешенін құру жайын талқылады – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қазақстан премьері мен «Роскосмос» басшысы «Бәйтерек» зымыран кешенін құру жайын талқылады

02.03.2021, 10:20

2570 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинді қабылдады, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.

«Кездесу барысында тараптар ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағын одан әрі дамыту және орташа шешімдегі Жерді қашықтан зондтау ғарыш жүйесін қалыптастыру мәселелерін талқылады», – делінген хабарламада.

Кездесуде «Бәйтерек» бірлескен ғарыштық зымыран кешенін («Назарбаев старты») құру жобасына ерекше назар аударылды.

Кездесуге премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр мен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қатысты.

0

Пікір қалдыру